Іс-шаралар

"Кибербуллинг - мектептегі зорлық-зомбылыққа қарсы күрес" танымдық шарасы

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұловның облыстық мемориалды музейінің ұйымдастыруымен “BILIM” мектеп-гимназиясында "Кибербуллинг - мектептегі зорлық-зомбылыққа қарсы күрес" тақырыбында танымдық шарасы өтті.

«Атың белгісіз, ерлігің өлмес» Белгісіз солдат күніне және іздестірушілер күніне арналған патриоттық акция

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде жастардың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіріп майдан даласында қалған жауынгерлердің естеліктері мен ерліктерін мәңгілікке есте қалдыру мақсатында патриоттық акция ұйымдастырылды.

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай «Әлия көш басында» интеллектуалды сайысы

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде 17 қараша күні  Халықаралық студенттер күніне орай «Әлия көш басында» тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті.

«Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорымен  Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің бірлескен салтанатты шарасы

Ақтөбелік іздестіру тобының 35 жылдық мерейтойына арналған аталмыш «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорымен  Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің бірлескен салтанатты шарасы өтті. 

Жиналған қауым мерейтойды  Қалалық мәдениет үйінде атап өтті. 

«Музей түні»

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Қазақстан Республикасы күніне орай «Музей түні» шарасы өтті.

«Ерлігі өшпес ел қорғаны болған Сапура» атты тарихи-танымдық шара

 

26 қазан күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің  ұйымдастыруымен  «Ахмет Байтұрсынұлы ат. лингвистикалық мектеп-гимназиясы мен бірлескен Қазақтың батыр қызы, Көктемір атанған Сапура Мәтенқызының 270 жылдығына арналған «Ерлігі өшпес ел қорғаны болған Сапура» атты тарихи-тарихи-танымдық шара өтті.

25 қазан – Республика күніне орай «Күн дидарлы Қазақстан» мерекелік шара өтті

25 қазан – Республика күніне орай «Күн дидарлы Қазақстан» тақырыбында мерекелік шара өтті.

Шараның мақсаты Республика күнінің құндылығын, қазақ тарихындағы маңыздылығын аша түсіп, Отанына,  туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін арттыру. Туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты ұрпақ қалыптастыруда өз үлесімізді қосу. Бейбітшіліктің символына айналған егемендігіміздің татулығын, бірлігін, толағай жетістігін мақтанышпен жер жаһанға паш ету.

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.