26 қазан күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы ат. лингвистикалық мектеп-гимназиясы мен бірлескен Қазақтың батыр қызы, Көктемір атанған Сапура Мәтенқызының 270 жылдығына арналған «Ерлігі өшпес ел қорғаны болған Сапура» атты тарихи-тарихи-танымдық шара өтті.
Тарихи-танымдық шараның мақсаты: жас ұрпаққа қазақ қыздарының батырлығын,ерлік пен елге деген сүйіспеншілігін, Отанға адалдығын үлгі етіп, мақтан тұту.
Тарихи-танымдық шараға тарихшы, өлкетанушы Мырзабай Бекарыстан Боранқұлұлы, «Руханият» тәрбиелік-патриоттық клубының жетекшісі, өлкетанушы Абдуллина Жібек Османғалиқызы, «Ахмет Байтұрсынұлы ат. лингвистикалық мектеп-гимназиясы директоры Ешмұхамбетова Ғалия Агимбетовна, бірнеше патриоттық рухты әндерді жарыққа шығарып, халыққа насихаттап жүрген «Көктемір» әнінің авторы және орындаушысы Исмағулова Орынгул Райымқұлқызы, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлке бөлімінің кітапханашысы Какенова Гүлбану Қуанышқызы және мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Шара барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, шара қонақтарына сөз кезегі беріледі, сондай-ақ оқушылар ортаға шығып, қазақ поэзиясының классигі Ізтай Мәмбетовтың «Көктемір» поэмасын мәнерлеп оқыды және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қорынан «Ел қорғаны Сапура Мәтенқызы» атты кітап көрмесіне Гүлбану Қуанышқызы шолу жасады.