Іс-шаралар

«Батылдық пен ерліктің символы» тақырыбында ZOOM конференциясы ұйымдастырылды

2024 жылғы 8 ақпан күні музей қызметкерлері мен Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы №140 орта мектепттің бірлесуімен Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына 80 жыл толуына және Ленинград қаласының неміс-фашистік басқыншыларынан азат етілген күніне орай «Батылдық пен ерліктің символы» тақырыбында ZOOM конференциясы ұйымдастырды.

Әдістемелік көмек көрсетті

Әлия музейінің қызметкерлері М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің әскери «Даңқ» музейін қайта жасақтау жұмыстарына байланысты әдістемелік көмек көрсетті.

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігіне және Ленинградты қоршаудан азат еткеніне 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ерлік көрсеткен қаһарман қала» көрмесі

Үстіміздегі жылдың 27 қаңтар күні  Қоғамдық келісім сарайында «Родина.КZ.» ҚҚ ұйымдастыруымен өткен шарада Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық  мемориалды музейі көрме қойды.

Музей құнды жәдігерлерді сыйға қабылдады

Мемориалды музей актер, жазушы, Халықаралық журналистер федерациясының, Санкт-Петербург журналистер, РФ кинематографистер Одағының мүшесі, «Мы сыны казахских степей», «Из Санкт-Петербурга с любовью!»  т.б. кітаптардың авторы Шерхан Әбіловтің жеке кітапханасынан және Санкт-Петербург «Пискарев мемориалды зираты» ММ-нің директоры Евгений Панкевичтен Ұлы Отан соғысына қатысты құнды кітаптар мен әскери киімдер жиынтығын сыйға қабылдады.

«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!»   танымдық шара

15 желтоқсан күні Кеңес Одағының Батыр Ә.Молдағұлованың меморилды музейінде Казақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!»  атты»  тарихи-танымдық шара ұйымдастырылып өтті.

Шараға тарихшы – өлкетанушылар, Желтоқсан оқиғасының куәгерлері, Заң институтының қызметкерлері, С.Бәйішев  атындағы Ақтөбе  университетінің  студенттері қатысты.

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.