Үстіміздегі жылдың 27 қаңтар күні Қоғамдық келісім сарайында «Родина.КZ.» ҚҚ ұйымдастыруымен өткен шарада Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі көрме қойды.
Көрмеге Әлияның ерлігін баяндайтын планшеттер, 1944 жылы қаңтар-ақпан айларындағы Ленинград пен Новгород түбіндегі немістерді талқандауға арналған карта-жоспар, соғыс көріністері салынған линогравюралар қойылды. Санкт-Питербордың Гачинск ауданынан «Памяти павших» деп аталатын іздестіру тобының жетекшісі жерлесіміз Владимир Рудь әскери жолдасы ақтөбелік Серік Мәмбетов арқылы қазба кезінде табылған соғыс реликвиялары мен Санкт-Питерборда тұратын Кентаулық жерлесіміз Шерхан Әбіловтің музейге жіберген қоршаудағы Ленинград туралы кітаптары, Пискарев мемориалды зиратының шығарған кітапшаларын келушілер тамашалай алды.
Көрме барысында музейдің қор сақтаушысы Толқын Жаңабергенова мен аға ғылыми қызметкер Сәуле Тәжбенова 6655, 30238 әскери бөлім сарбаздары мен Т.Бегельдинов атындағы Әскери Әуе Қорғаныс институтының тәлімгерлерін және де өзге келушілерді көрмемен таныстырып, экскурсия өткізді.