Бүгін, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде батыр қыздың ерлікпен қаза тапқанына 80 жыл толуына орай «Елім деп соққан жүрегі» тақырыбында еске алу шарасы өтті.
Шараға Ә.Молдағұлованың туыстары, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ақтөбе қаласы Астана аудандық ардагерлер кеңесі, Ақтөбе облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Ә.Молдағұлова атындағы «Ақтөбе халықаралық әуежайы» Акционерлік қоғамы, М.Бөкенбаев атындағы заң институты, Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының курсанттары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің сарбаздары, қалалалық мәдениет үйінің «Әлия гүлі» қазақ би ансамблі мен «Халықтық ұжым» «Сұңқар» вокалды ансамблінің әншілері, Ақтөбе политехникалық колледжінің студенттері мен №13 орта мектептің оқушылары қатысты.
Шара барысында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы үнсіздікпен еске алып, «Мергендер” фильмінен үзінді көрсетіліп, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Өнер және тарихи мәдени мұраны дамыту бөлімінің басшысы Ж.Т.Максутова, батырдың ұрпақтары С.Молдағұлов, А. Хабиева, Ақтөбе қаласы Астана аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.С.Ағниязов, Ақтөбе облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, «Тәрбие және идеологиялық жұмыстар мәселесіне жетекшілік ететін басқарма басшысы подполковник Е.М.Рамазанов, Ақтөбе Халықаралық Әуежайы Акционерлік қоғамының басқарушы директоры А.Г.Милиханова, Әлиятанушы Ғ.Байдербестің қызы А. Ғ. Ермағанбетова, музейде 40 жыл басшылық қызмет атқарған, бүгінде музей ардагері Е.С.Қалтаева батырдың болмысы, естеліктерінен сыр шертсе, батыр музейінің құндылығы, ерекшелігі турасында сөз қозғады.
Еске алу шарасында Қалалық Мәдениет үйі «Халықтық ұжым» «Сұңқар» вокалдық ансамблінің көркемдік жетекшісі ҚР-ның «Мәдениет үздігі», Елбасының қолынан алтын домбыра иегері Л.Е.Медетованың орындауында С.Бәйтерековтың, әні Б.Тәжібаевтың «Әлия» әні шырқалса, «Әлия-Мәншүк-Хиуаз» патриоттық клубының мүшелері «Әлия гүлі» қазақ би ансамблінің орындауында «Қос алқа», «Катюша» биі тамашаланды. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының курсанттары Е.Байназар «Самал тау» әнін домбыра сүйемелдеуімен, Е.Кенжеғалиұлы «Анашым» әнін гитарамен орындап, Nº13 орта мектеп Әлияға арналған ақын- жазушылардың шығармаларын жатқа айтып, музей қызметкерлері батырдың хаттарын оқып шараның мәнін толықтыра түсті. Шара соңы Ә.Молдағұлова даңғылындағы Батырдың ескерткішіне гүлшоқтарын қою рәсімімен аяқталды.