previous arrow
next arrow
Slider

“Тарих толқынында” тарихи-танымдық лекция өткізілді

Бүгін Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі “Тарих толқынында” тақырыбында №27 орта мектеп- лицейінің “Әлия” патриоттық клубы мүшелерінің қатысуымен тарихи-танымдық лекция өткізді.

Шараның мақсаты батыр есімін ұлықтап, жасұпаққа кең көлемде насихаттау. Оқушылардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық бағытта тәрбие беруге өз үлесімізді қосу.

Аталмыш шарада 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысушы қазақстандықтар туралы жалпы ақпарат берілді. Сондай-ақ Кеңес Одағының Батырлары Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Ж.Елеусізов, с.Әбдіжаппаров, М.Қайырбаев, Е.Молдабаев, А.Үсенов, Х.Ахмедияр, Ақтөбелік батырлар Қ.Жазықов,М. Бөкенбаев, С. Ешбаев туралы бейнесюжет көрсетіліп, оқушыларға сұрақтар-тапсырмалар берілді.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.