«Қоғамдық келісім» сарайының әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың тарихынан сыр шертетін арнайы жасақталған музейінде Әлия музейінің қызметкерлері мен «Әлия» патриоттық клубы мүшелерінің қатысуымен Халықтар бірлігі күніне орай «Байтақ елдің биік байрағы!» атты тақырыпта тақырыптық экскурсия мен кездесу шарасы өткізілді.
Кездесу шарасының мақсаты – мереке қарсаңында елімізде тұрып жатқан, түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттаумен қатар, ынтымақтықты, достықтықты дәріптеу.
Кездесу аясында «Қоғамдық келісім» сарайының экскурсоводы музей қызметкерлері мен «Әлия» патриоттық клубының мүшелеріне экскурсия жүргізіп, шара соңында КОБ Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің қызметкерлері сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдіріп, мекеме басшысына құттықтау хатын табыстады.