26 сәуір күні «Мәңгілік алау» Даңқ мемориалды алаңында Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі ақтөбелік іздестірушілер тобын Ресей Федерациясынның Новогрод облысыдағы Парфин ауданына «Естелік вахтасы -2024» акциясына қатысты.
Айта келерлігі Ақтөбе қаласында құрылған 74-ші жеке теңіз атқыштар бригадасы өңірді қорғау барысында жан аямай шайқасты.
Шараның мақсаты: «Естелік вахтасы» акциясы аясында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ерлігіне тағзым етіп, бейіттерін абаттандыру. Ерліктерімен тікелай байланысты аумақтарды, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің есімдерін «Естелік» кітабына енгізу.
Шараға Ақтөбе облысы мәслихатының депутаттары, Ақтөбе облысының мемлекеттік емес ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Ауған соғысына қатысқан ақтөбеліктер, «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық бірлестігінің қатысушылары, ҚР Қорғаныс министрі «Әскери-техникалық» мектебінің курсанттары, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.
Шара барысында Ақтөбе жұртшылығының Мәскеудегі өкілі, экономика ғылымдарының докторы, жерлесіміз Н.В.Ювица, Ақтөбе облысының мәслихат депутаты М.А.Қойлыбаев, А.Е.Дюйсенова, «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорының құрылтайшысы, ауған соғысының жауынгері Гумер Галеев соғыс тарихындағы, іздестіру шараларындағы деректор бойынша құнды мәлеметтермен бөлісіп, іздестірушілер тобына сәтті сапар тіледі.
Шара қатысушылары «Мәңгілік алау» Даңқ мемориалды ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен шараны аяқтады.