Бүгін Қазақстанның Халық қаһармандары Рақымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойларына арналған «Батырлар ерлігі – ұрпаққа үлгі» атты республикалық тарихи-танымдық іс-шара аясында «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешеніне, Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Бигелдинов Талғат Жақыпұлының ескерткіш-бюстіне, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды кешеніне, Сағадат Нұрмағамбетовтің мемориалды тақтасына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.