Іс-шаралар

«Әлия – қаһармандық дастаны» мерейтойлық іс-шаралары

2025 жылдың 12-13 маусымында Ақтөбе қаласы мен Қобда ауданында Кеңес Одағының Батыры Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Әлия – Қаһармандық дастаны» мерейтойлық іс-шаралар кешені өтті.

«Музейдегі түн – 2025» мәдени көпшілік іс-шарасы «Ұлы Жеңіске – 80. Әлия ерлігіне – 100 жыл» атты мәдени іс-шарасы

Биыл «Музейдегі түн – 2025» мәдени көпшілік іс-шарасы «Ұлы Жеңіске – 80. Әлия ерлігіне – 100 жыл» тақырыбы аясында өткізілді.

Мәдени шара қала тұрғындары мен қөнақтарына арналып, қазіргі заманғы музейлер мүмкіндігін ашу, музей инсталляциялары мен жаңа заманауи технологиялар арқылы өскелең ұрпақтың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын қалыптастырып, жастарды музейге, мәдениет және өнерге тарту мақсатында ұйымдастырылды.

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 2025 жылдың 5-ші мамырында Ақтөбе қаласындағы Батырлар аллеясы алаңында тағылымды салтанатты митинг өтті. Маңызды шараға ардагерлер, тыл еңбеккерлерінің ұрпақтары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, зиялы қауым, жастар, қала тұрғындары мен музей қызметкерлері қатысты.

Ә.Молдағұлованың өмірі мен ерлігі туралы «Әлия - қаһармандық дастаны»  атты тақырыпта экскурсия мен деректі фильмдер көрсетілімі

23 сәуір күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды  музейінде Жеңістің 80 жылдығы және Ә.Молдағұлованың 100 жылдығы аясында келушілерге «Әлия – қаһармандық дастаны» тақырыбында экскурсиялар жүргізіліп, заманауи цифрлық технологиялардан құралған реэкспозиция таныстырылды, деректі фильмдер көрсетілді.

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.