23 сәуір күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Жеңістің 80 жылдығы және Ә.Молдағұлованың 100 жылдығы аясында келушілерге «Әлия – қаһармандық дастаны» тақырыбында экскурсиялар жүргізіліп, заманауи цифрлық технологиялардан құралған реэкспозиция таныстырылды, деректі фильмдер көрсетілді.
Жаңа экспозиция өскелең ұрпақтың рухани дамуына, жастардың сұранысы мен қызығушылығын артыратын жаңа технологиялармен жабдықталып жаңаша жасалынды. VR (виар) көзілдірікті мультимедиялық технология, цифровой сторителлинг, 3D-mapping, жасанды интелект арқылы жасалған голограмма, «3D анимация» голографиясындағы Әлия бейнесі виртуалды промоутер, 3D форматтағы рельефті карта, бағдарламалық-интерактивті сенсорлық киоск көпшіліктің назарын аударып, жас буынның қызығушылығын арттырып, келушілердің саны күн санап артуда. Күніне мемориалды музей балабақша тәрбиеленушілері, оқушылар мен студенттер, қала тұрғындары мен қонақтары, шет елден келген қонақтар, әр түрлі мекеме ұжымдары және әскери бөлімдер т.б. 300-400-ге жуық келуші қабылдап отыр. Келушілерге Болат Шамшиевтің «Мергендер» фильмінен үзінді, «Әлия Молдағұлова – «Жауқазын ғұмыр», «Қаһарман қыз» деректі фильмдері көрсетілді.