Іс-шаралар

«Ауғанстан: тарихтан тағылым алатын сабақ» атты ауған жауынгерлерімен тақырыптық кездесу-кеші өтті

Бүгін Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің ұйымдастыруымен 15 ақпан Ауған соғысының аяқталған күніне орай «Ауғанстан: тарихтан тағылым алатын сабақ» атты ауған жауынгерлерімен тақырыптық кездесу-кеші өтті.

Іс-шараға ҚР ҚМ «Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Ақтөбе филиалы; Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өнірлік Университетінің студенттері қатысты.

«Шекаралар туралы диалог: қауіпсіздік, келісім, заң» тақырыбы кездесу өткізілдіаясында

2026 жылдың 11 ақпан күні мемориалды музей Некеге мәжбірлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділікті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық науқан аясында «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» акционерлік қоғамы кәсіпорнының ұжымында «Шекаралар туралы диалог: қауіпсіздік, келісім, заң» тақырыбы аясында елімізде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық алдын алу мақсатында кездесу өткізілді.

Рухани қазына -2025

Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы аясында музей экспозициясы заман талабына сай жаңартылып, цифрлық технологиялармен толыққан жаңа мазмұнда қайта жасақталды. Бұл жаңғыру тек көрме кеңістігінің өзгеруі ғана емес, батыр тұлғасын заманауи форматта ұғындыруға бағытталған тың қадам болды.

Жаңартылған экспозиция көрерменге жаңа бағыт ұсынып, тарихи деректерді интерактивті тәсілдер арқылы қабылдауға мүмкіндік береді. Цифрлық шешімдер мен заманауи технологиялар келушілерді оқиғалардың бел ортасына жетелеп, өткен мен бүгіннің арасын жалғайтын көпірге айналды. Осылайша, музей кеңістігі тек ақпарат ұсынушы орын емес, терең рухани таным мен тағылым ордасына айналды.

Кеңес әскерлерінің қазалы медальоны

1941 жылғы 15 наурызда Қорғаныс халық комиссарының №138 бұйрығы шығып, «Соғыс уақытында Қызыл Армия жеке құрамының шығынын есепке алу және жерлеу тәртібі туралы ереже» күшіне енгізілді.

Аталған құжат «Қызыл Армия әскери қызметшілері туралы қысқаша мәліметтері бар медальондарды пайдалану тәртібі жөніндегі нұсқаулықпен» толықтырылды. Жаңа медальондар эбониттен (текстолиттен) алты  қырлы капсула түрінде, көлемі 5х1,5 см етіп жасалуы тиіс болды. Оның қақпағы бұралып жабылатын, бұл ішіндегі мәліметтерді жақсырақ қорғауға мүмкіндік берді.

Әлия Молдағұлованың майдан даласынан жазған хаттары

Әлия Молдағұлованың майдан даласынан жазған хаттары – музей қорындағы ең құнды әрі мазмұнды экспонаттардың бірі. Бұл хаттарда батырдың туған жерге деген сағынышы, елге деген шексіз сүйіспеншілігі және Отан алдындағы азаматтық борышын адал атқаруға деген берік ұстанымы айқын көрініс табады.

Майдан шебінен жолданған әрбір жол – тек тарихи дерек қана емес, сонымен қатар жас ұрпаққа үлгі боларлық рухани мұра. Әлияның жүрекжарды сөздері арқылы сол кезеңдегі жауынгерлердің ішкі жан дүниесі, олардың ерік-жігері мен патриоттық сезімі терең сезіледі.

«Өшпес даңқ. Ә.Молдағұлова» кітабының тұсаукесері

 2026 жылғы 14 қаңтар күні Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күніне орай батырдың туған өлкесі «Әлия» ауылында «Өшпес ерлік» атты кітаптың таныстырылымы өтті.

«Өшпес ерлік» кітабы - Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігін жан-жақты баяндайтын, батыр қызымыздың асқақ тұлғасын ашатын маңызды мұра және жас ұрпаққа үлгі етуге арналған тағылымды энциклопедиялық жинақ. Жинақ барысында музей қорындағы құнды мәліметтер ұсынылды.

«Елім деп соққан жүрегі» атты еске алу шарасы

Бүгін, аты аңызға айналған қаһарман жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күніне орай «Елім деп соққан жүрегі» атты еске алу шарасы өтті.

Әлия Молдағұлова – қазақ халқының қайсар рухының символы. Оның өмірі мен майдандағы ерлігі – бүгінгі ұрпаққа патриотизм мен отансүйгіштіктің айқын үлгісі.

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.