Көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күні бірлік пен мейірімге, сыйластық пен шынайы алғысқа толы болды. Шара барысында оқушылар өзара жылы лебіздерін білдіріп, әсем ән шырқалып, «Алғысым шексіз…» викторинасына белсена қатысып, қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Бұл мереке – 2016 жылдан бері елімізде аталып өтіп келе жатқан, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуымен сабақтас тағылымы терең күн. Ол – түрлі этнос өкілдерінің татулығы мен достығын дәріптейтін, жүректерді жақындастыратын ерекше мереке.
Шара соңында «Кімге алғыс айтар едіңіз?» атты шеңберлі тренинг ұйымдастырылып, оқушылар жүрекжарды тілегін білдіріп, әсерлі сәттермен бөлісті.
Алғыс – жүректен шыққан ең асыл сөз.
Алғыс – адамдықтың айнасы.
Алғыс – бірліктің бастауы.
Айтулы мереке қарсаңында музей ұжымы сіздерге шексіз алғыс білдіреді!
