Slider

Шаңырақ күні

Наурызнама аясында Шаңырақ күніне орай отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Алтын шаңырақ» атты тағылымды шарасына 50 жыл отасқан Түгелғали ағай мен Бақытжамал Куписовтар отбасы құрметті қонақ ретінде қатысты.

Шара аясында Куписовтар отбасы жастарға үлгілі жанұя құрудың қыр-сырымен бөлісіп, бақыттың кілті өзара сыйластық пен шынайы түсіністікте екенін ұғындырды. Дастархан басында жастарға жылы тілегін білдіріп, «Наурыз бата» берілді.

Шара соңында музей атынан қонақтарға арнайы дайындалған сыйлықтар табысталып, алғыс білдірді.

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.