Slider

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлия есімімен мақтанамын» атты кездесу шарасы өтті

5 наурыз күні Әлия музейі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлия есімімен мақтанамын» атты кездесу шарасын өткізді.

Шараның атауы ең алдымен Әлия Молдағұлова есімімен тығыз байланысты. Бүгінгі Әлиялар – заманауи қоғамның әр саласында абыройлы еңбек етіп, білім мен біліктіліктің, табандылық пен талпыныстың үлгісін көрсетіп жүрген жандар.

Іс–шара қонақтары – өңіріміздің әр саласында табысты еңбек етіп жүрген, «Әлия» есімді арулар мен ардақты аналар.

Кеш барысында қонақтарға музей бойынша экскурсия жүргізіліп, «Әлия» есімді арулармен сұхбат өтті. Қонақтар өзара танысып, пікір алмасты.

Соңында сыйлықтар табысталып, құрмет көрсетілді.

 

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.