Slider

«Қазақ әйелінің бейнесі - еркін мәдени субъект» тақырыбы бойынша жас қыз балаларға кеңес беру сағаты өткізілді

2026 жылдың 4 наурызы күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Қазақ әйелінің бейнесі - еркін мәдени субъект» тақырыбы бойынша жас қыз балаларға кеңес беру сағаты өткізілді.

Шара барысында «Jan Ahual» психологиялық қолдау орталығының әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі, «Шапағат» медалінің иегері Лаура Бердібекова, психология мамандығының 1 курс студенттері, музей мамандары қатысып, сталкингке қарсы қоғам, жауапкершілік және өзара құрмет қағидаттары, психологиялық қауіпсіз орта құру мәселелері көтерілді.

«Білім алушылармен жеке шекараны сақтауға арналған тренингтер өткізіліп, пікір алмасып кеңестер берілді.

Аталған шара «Некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділікті қалыптастыру» ақпараттық науқаны аясында өткізілді.

[youyube url="https://youtu.be/zCeMExCoXgw?si=yJVGYuQDWGudaVZ8"]

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.