Биыл «Музейдегі түн – 2025» мәдени көпшілік іс-шарасы «Ұлы Жеңіске – 80. Әлия ерлігіне – 100 жыл» тақырыбы аясында өткізілді.
Мәдени шара қала тұрғындары мен қөнақтарына арналып, қазіргі заманғы музейлер мүмкіндігін ашу, музей инсталляциялары мен жаңа заманауи технологиялар арқылы өскелең ұрпақтың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын қалыптастырып, жастарды музейге, мәдениет және өнерге тарту мақсатында ұйымдастырылды.
Кеш 6655 Ұлттық ұлан жеке құрамының үрмелі аспаптар музыкалық оркестрінің сүйемелдеуімен бастау алып, одан әрі С.Бәйтерековтің «Әлия» әні орындалып, АК-74 автоматын жинап-шашу демонстрациясы және экскурсия-спектакль түрінде жалғасты.
Шара барысында музей қонақтары артефактілер, инсталляциялар және перфоманс түрінде жасақталған көрмелерді тамашалап, тақырыптық фотоаймақтарда естелікке суретке түсіп, шеберлік сабақтарға қатысып, патриоттық әндер орындалды және С.Жиенбаевтың «Әлия» поэмасы монолог түрінде көрермендер назарына ұсынылды.
Музей қонақтары «Жауынгерлік бауырластық» ҚҚ мүшелері ұйымдастырған іздеу жұмысының процесін (көрінісін) көріп, 6655 Ұлттық Ұланының әскери бөлімінен арнайы әкелінген сарбаздардың түскі асынан дәм татып, блиндаждың және Батыр қыздың туған жері Бұлақ ауылының атмосферасын сезінді, сондай-ақ, ақтөбеліктер Кеңес Одағының Батырларына арналған галереяны және оригами тәсілімен жасалынған қағаз құстар көрмесін тамашалады.
