Жас ұрпақтың патриоттық тәлім-тәрбиесіне үлес қосу мақсатында Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейінің ұйымдастыруымен қаламыздағы «Campit» лагерінде «Әлия-қаһармандық дастаны» жылжымалы көрмесі таныстырылды.
Жылжымалы көрмемен лагердің 280 оқушысы танысты. Патриоттық тақырыптағы қызықты экскурсияның соңы балалардың арнайы ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беруімен және естелік суретке түсуімен аяқталды.