Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі еліміздің өңір-өңірлерінен “Әсем” жазғы демалысын лагерлеріндегі оқушыларға арнап жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Батыр қыздың өмірі мен ерлік жолынан жасақталған жылжымалы көрмеге музей қызметкерлері экскурсия жасады.
Қазақ тарихындағы ерлік пен даналық, отансүйгіштік сезімінің үлгісіне айналған қазақтың қайсар қызы бойындағы мейрімділік, намысшылдық, ержүректтік қасиетін насихаттай отырып, жас ұрпақты өз Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеп, патриоттық сезімін арттыруға үлес қосу.