2024 жылғы 15-наурыз күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде «Наурызым, берекелі жыл басым!» мерекелік шарасы өтті.
Шараға өңірімізге белгілі өлкетанушы, тарихшы Б.Б.Мырзабай, Қурайлы мәдениет үйінің Халықтық вокалдық ансамблі «Зере», мәдениет мекемелерінің қызметкерлері мен ардагерлері, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің студенттері, А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Шараның мақсаты «Наурыз» мерекесінің қазақ даласындағы орны туралы түсінік бере отырып жасұрпаққа ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, мәдени құндылықтарымызды насихаттап, Отанын сүюге тәрбиелеу. Жастардың бойында имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Шара барысында келуші меймандарымыз жасұрпаққа Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесінің шығу тарихы туралы түсінік беріп, салт-дәстүріміз «Бесікке салу» рәсімінен көрсетілім жасалып, қазақтың ұлттық биі, ұлттық аспаптарымыз жетіген, домбырадан халықтық күйлеріміз шырқалып, ән-жырдан шашу шашылды.
Шара соңында оқушыларымыз «асық ату» ойынын көрсетіп, үлкендерден «бата» алып, бір-біріне деген құттықтау тілектерін арнады.