«Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалдық музейі» КММ
Ақтөбе қаласы Ә. Молдағұлова даңғылы, 47
- Музейге кіру тегін және бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады (09:00–18:00, түскі үзіліс 13:00–14:00).
- Экскурсиялық қызмет алдын ала жазылу бойынша немесе белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі.
- Ұйымдасқан топтардың музейге келуі музей әкімшілігімен алдын ала келісілуі тиіс.
- Музей әкімшілігінің алдын ала келісімінсіз экспозициялық залдарда топтарға арналған өз бетінше экскурсиялар, дәрістер және басқа да іс-шаралар өткізуге жол берілмейді.
- Ауқымды немесе уақытша іс-шаралар, көрмелер өткізілген жағдайда келушілер музейдің белгіленген ережелерін сақтауға міндетті.
- Көрмелер музейдің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді.
Келушілерге рұқсат етіледі:
- тұрақты экспозициялар мен уақытша көрмелерді тамашалауға;
- экскурсовод қызметін пайдалануға;
- музей қызметкерлеріне кеңес және қажетті көмек алу үшін жүгінуге;
- ұялы телефондарды тек дыбыссыз режимде пайдалануға;
- музейдің арнайы бөлінген локациялары аясында фотосуретке түсуге.
Келушілерге тыйым салынады:
- музей заттарына, шыны витриналарға, экспозициялық жабдықтарға және экспозицияны безендіру элементтеріне қол тигізуге;
- музей витриналары мен экспонаттарын фотоға, киноға және бейнежазбаға түсіруге (музей әкімшілігімен алдын ала келісілген жоспарлы іс-шаралар, репортаждар мен телебағдарламаларды қоспағанда);
- музей әкімшілігінің рұқсатынсыз музей заттарының, экспозициялар мен көрмелердің нобайларын салуға, сызбаларын жасауға және көшірмелерін түсіруге;
- штативтерді, моноподтарды, дрондарды, жарықтандыру жабдықтарын және басқа да арнайы техниканы пайдалануға;
- қоршаулардан өтуге, витриналарды ашуға, музей заттары мен экспозиция элементтерінің орнын ауыстыруға;
- қатты сөйлеуге, жүгіруге, қоғамдық тәртіпті бұзатын немесе басқа келушілерге кедергі келтіретін әрекеттер жасауға.
Экспозициялық залда тыйым салынады:
- сусындар мен тамақ өнімдерін алып кіруге;
- темекі шегуге, электронды темекілерді, темекіні қыздыру жүйелерін және құрамында никотин бар басқа да бұйымдарды пайдалануға;
-алкогольдік, есірткілік немесе уытты заттардың әсерінен мас күйде болуға;
- қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш, тез тұтанатын, улы, радиоактивті және басқа да қауіпті заттар мен бұйымдарды алып кіруге;
- көлемі 40 см-ден асатын чемодандар мен қол жүктерін залға алып кіруге;
- балалар арбаларын экспозициялық залға кіргізуге (балалар арбалары музей залының кіреберісіндегі тамбурда қалдырылады).
Музейдің жеке заттарының жоғалуы немесе ұрлануы үшін жауапкершілік көтермейді. Құнды заттарыңызды өздеріңізбен бірге сақтауларыңызды сұраймыз.
Балалармен бірге келу тәртібі
Кәмелетке толмаған келушілер музейге ата-аналарымен, заңды өкілдерімен немесе еріп жүретін жауапты адамы бар ұйымдасқан топ құрамында келеді.
Ата-аналар, заңды өкілдер және еріп жүруші тұлғалар балалардың осы Ережелерді сақтауына және олардың қауіпсіздігіне жауапты болады.
Келушілердің жауапкершілігі
Келушілер осы Ережелерді сақтауға және музей қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға міндетті.
Осы Ережелерді бұзған тұлғалар музей аумағынан шығарылуы мүмкін.
Музей заттарына, экспозицияларға, жабдықтарға немесе музейдің өзге де мүлкіне зиян келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады және келтірілген залалды өтеуге міндетті.
Қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда музей әкімшілігі құқық қорғау органдарына жүгінуге құқылы.