Ү.ж. 26 қараша күні Әлия музейі мен Халел Досмұхамедов атындағы №35 орта мектептің бірлесіп ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз өмір» атты танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараға Ақтөбе облысы Полиция департаментінің өкілдері, психолог және мектеп оқушылары қатысты. Атап айтар болсақ -
- Уразалина Ақнұр – полиция аға лейтенанты, Ақтөбе қаласы Астана ауданы №1 қалалық полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі инспекторы;
- Мұхамбетқазина Аймереке – №2 Сазды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны;
- Нұқанова Айнұр – №3 қалалық емхананың психологы;
- С. Тәжбенова мен А. Тугулгалиева – музейдің ғылыми қызметкерлері.
Кездесу барысында 10-сынып оқушылары «Зиянды әдеттерден аулақ бол!» тақырыбында зиянды әдеттердің алдын алу мен зорлық-зомбылыққа қарсы бағытталған ситуациялық көріністер қойып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар оқушылар танымдық ойын-викторинаға белсенді қатысып, өз білімдерін шыңдады.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бір-біріне деген құрмет сезімін қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік көзқарасын тәрбиелеу, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу дағдыларын дамыту және қауіпсіз, мейірімді орта қалыптастыру. Сонымен қатар зиянды әдеттерге теріс көзқарас қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдерге отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтан сақтану және өз құқықтары мен міндеттерін білу туралы маңызды ақпараттар берді. Ал психолог салауатты қарым-қатынас орнату, эмоцияны басқару және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау жөнінде кеңестерімен бөлісті.
https://www.instagram.com/reel/DgM50vfsARN/?bqrl=MW96ZHQ2dzJ1dnB0eQ==
