Бүгін музейімізде 1941 жылы Ақтөбе өңірінде жасақталған 312-атқыштар дивизиясының құрылғанына 85 жыл толуына орай тағылымды іс-шара өтті.
Іс-шара барысында «Горячий октябрь 1941 года» деректі фильмінен үзінді көрсетіліп, майдангерлердің ұрпақтары аталарының ерлігі мен өмір жолы туралы естеліктерімен бөлісті.
Сонымен қатар шара аясында №2 мектеп-гимназиясының «Даңқ музейінен» әкелінген дивизия командирі, генерал-майор Александр Наумовтың кителі мен фуражкасы, дивизия тарихына қатысты кітаптар және «Жауынгерлік бауырластық» іздестірушілер тобының 2026 жылғы қазба жұмыстары кезінде тапқан қару-жарақтары қойылған арнайы көрме жасақталды.
Тағылымды кездесуге батыр ұрпақтары, «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорының мүшелері, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері мен музей қызметкерлері қатысты.
Шараның мақсаты – майдангерлердің ерлігін ұлықтау, тарихи жадыны сақтау және жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру.
