Slider

Отбасы күніне орай 10 қыркүйек - «Дені сау ұрпақ: бірге өсеміз» атты ақпараттық шара

2026 жылдың 10 қыркүйек  күні өңірімізге танымал білікті дәрігер-гинеколог Шангараева Алия Аблаевнамен «Дені сау ұрпақ: бірге өсеміз» атты ақпараттық шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: отбасындағы жауапкершілік пен өзара қамқорлықты арттыру, ана мен бала денсаулығының маңызын түсіндіру және дені сау ұрпақ тәрбиелеудің отбасылық құндылықтарын дәріптеу.

Шара барысында жүктілікті алдын ала жоспарлаудың маңызы, болашақ ананың денсаулығына көңіл бөлу, дұрыс тамақтану, медициналық тексерулерден уақытылы өту және дені сау ұрпақ дүниеге әкелудегі жауапкершілік мәселелері кеңінен сөз болды.

Гинеколог маман жүктілікті жоспарлау кезеңінде әйел адамның денсаулығын бақылаудың маңыздылығы туралы айтып, ана мен бала саулығына қатысты пайдалы кеңестерімен бөлісті.

https://www.instagram.com/p/DdIlk19jHA7/?stkn=MTB0am5ldHI0cm8yMQ== 

 

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.