1 қазанда музейде «Діни саутсыздық – экстримизмнің бастауы» - дін өкілдерінің жастармен кездесуі өтті. «Экстремизм мен терроризмге қарсы» насихаттау жұмыстарын жүргізу үшін біздің облысымызға арнайы делегация келді. Мемлекеттік саяси бағдарламасын жүзеге асыру барысында дін мәселелері бойынша оқушылардың біліктілігін жетілдіру тақырыбы бойынша жұмыс жүргізілді.Кездесуге Ақтөбе политехникалық, гуманитарлық, медициналық және С.Бәйішев атындағы колледж студенттері қатысты.