previous arrow
next arrow
Slider

«Мәңгілік ел – Болашағы Біртұтас Ұлт» атты аймақтық патриоттық форум

21 қыркүйекте Ә.Молдағұлова мемориалды кешенінде Орынбор, Атырау, Қызыл-Орда облыстары және Ақтөбе облысының аудандарынан келген қонақтардың қатысуымен «Мәңгілік ел – Болашағы Біртұтас Ұлт» атты аймақтық патриоттық форум өткізілді.

Ақтөбе облысының «Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіКеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова музейімен бірге, Ақтөбе облысының әкімінің аппараты "Қоғамдық келісім" комуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған азаматтарға патриоттық тәрбие беру, шараларды өткізуді ұйымдастыру жұмыстары» жобасын жүзеге асырды.

Мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеу, XXI ғасырдың жастары ата баба ерлігін мақтан тұтып, патриоттық сезімін ояту, болашағымыздың жарқын болуына аянбай еңбек етуге шақыру, әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу.

Шараға патриоттық клубтар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар өкілдері, Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери Институты және Заң институтының курсанттары қатысты.

Форумды облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Купенов Айбек Мұратқалиұлыашты.

Шара барысында «Қос шынар Әлия-Мәншүк» қоғамдық қорының төрағасы Ғалымжан Байдербес, Қызылорда облысының ауған соғысының ардагерлері одағының төрағасыБаймуханов Кайраддин Алибаевич, іздеу қозғалысыныңардагеріЧугунов Глеб Иванович , Ойыл аудандық Жастар ресурс орталығының белсенділерісөз сөйледі. Ауған соғысының ардагері, «Ер бақыт» спорттық - патриоттық клубының төрағасы, Республикалық ауған соғысының ардагерлер қоғамының төрағасының спорт істері жөніндегі орынбасары Марат Қойлыбаев - Үндеу жариялады. Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филормония әншілері Арман Төлесиновтің және Нұржан Қаражановтың орындауында патриоттық әндер айтылды. Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова ескерткішіне және «Мәңігілік от» алауы мемориалды кешеніне гүл шоқтарын қою рәсімі жасалды.

 

 

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.