previous arrow
next arrow
Slider

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде өткізілген «Отаныма оралу» атты қандастармен кездесу кеші туралы мәлімет

2016 жылдың 20 қазаны күні Әлия Молдағұлова мемориалды музейінде «Отаныма оралу» атты шетелден қоныс аударған қандастармен кездесу кеші болып өтті.

Мақсаты: алыс – жақын шет елдерден елімізге қоныс аударған қандастарымыз туралы ақпарат беру арқылы,жастарды елжандылыққа, патриоттық сезімге баулу, өз еліне деген сүйіспеншіліктері мен құрметін арттыру.

Шара ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының тұңғыш құрылтайында сөйлеген сөзімен ашылды. 

Бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған байтақ даласы бізге қа­лай мирас болса, осы ел мен жердің таланына туған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алыс­тағы ағайынды Отан құша­ғына оралтып, қазақ тарихында алтын парақтар ашты.Шара барысында осы тақырыпта қысқаша мәліметтер беріледі.

Кеш қонақтары - Қазақстан және Өзбекстан Жазушылар одақтарының мүшесі, «Қазақ и Я» қоғамдық қорының, Дүние жүзі қазақтары Қауымдастығының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы БазарбайИманов, қала тұрғыны- ақын, домбырашы Марат Қабижанов, жыршы Жұмағалиев Мырзағали.Шақырылған қонақтар алыс –жақын шетелдерден келген қандастарымыздың атажұртқа оралуы, Дүние жүзі қазақтары Қауымдастығы облыстық филиалының тыныс-тіршілігі, шығармашылықтары туралы әңгімеледі.

Шара барысында Новый орта мектебінің 6-сынып оқушысы Аяулым Рысқали «Туған жерге сағыныш» атты өлеңді мәнерлеп оқыды.

Кездесу соңында музей директоры Е.Қалтаева келген қатысушыларға алғыс білдірді.

Кеш №24 мектеп-гимназия оқушысы Анар Нуриеваның орындауындағы «Туған жер» әнімен аяқталды.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.