previous arrow
next arrow
Slider

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» ерлік сағаты

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі мен Ақтөбе облысы полиция департаменті музейінің ұйымдастыруымен «Ерлік -  елге мұра, ұрпаққа ұран» атты ерлік сағаты өтті.

Шараға облыстық полиция департаментінің ардагерлері, қызметкерлері, «Халықтық ұжым» «Сұңқар» вокалды ансамблінің мүшесі және Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің қызметкерлері қатысты.

Еліміздің кешегі және бүгінгі күнгі батырларымен таныстыру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мақсатында өткізілген шараға Ішкі істер органдарының ардагерлері, тәлімгерлері, жас полиция қызметкерлері мен музей саласының мамандары қатысты.

Шара барысында Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларымыз, ел егемендігі жолында қызмет еткен генерал қайраткерлеріміз, бейбіт күнде батырлықтың үлгісін танытқан полиция саласының қызметкерлері төңірегінде бейне сюжет көрсетілді. Және де  Ішкі істер органдарының ардагерлері өздерінің қызмет жолы туралы жас мамандарға таным-тағылымға, ар-намысқа  толы  әсерлі әңгімелер айтып,  әрдайым төзімді, әрі батыл болу, қызмет жолындағы кездескен қиындықтарға мойымау, адал болу туралы құнды ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.