previous arrow
next arrow
Slider

«Батылдық пен ерліктің символы» тақырыбында ZOOM конференциясы ұйымдастырылды

2024 жылғы 8 ақпан күні музей қызметкерлері мен Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы №140 орта мектепттің бірлесуімен Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына 80 жыл толуына және Ленинград қаласының неміс-фашистік басқыншыларынан азат етілген күніне орай «Батылдық пен ерліктің символы» тақырыбында ZOOM конференциясы ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысы батырларының естеліктерін, ерліктерін өскелең ұрпаққа дәріптей отырып, париттық, Отанды сүюге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырып, музейлер арасында тәжірибе алмасу.

Бейнеконференцияның модераторы, музейдің аға ғылыми қызметкері Тәжбенова Сәулеш Базарбайқызы алғы сөздерімен ашып, №140 орта мектебінің директоры Елена Михайловна Ростунова өз кезегінде сөз алып тақып аясының мәнін ашты.

Музейіміздің ғылыми-ағарту бөлімінің меңгерушісіАгниязова Әлия Қайрулловна қоршаудағы күндердің тарихы мен салдары туралы жалпы мәліметтермен бөлісті. Кеңес Одағының Батыры А.Молдағұлованың мектеп тарихымен  мен мемориалдық залының" экспозициясы мен экспонаттары туралы оның жетекшісі Бородко Людмила Анатольевна, сондай-ақ№140 ОМ 6 және 9 сынып оқушылары айтып берді

Онлайн іс-шара барысында тарих ғылымдарының кандидаты, Ақтөбе өңірлік университетінің тарих факультетінің Тарих және дінтану кафедрасының доценті. Қ. Жұбанова Перевезенцев Александр Леонидович Ленинград қоршауының музейіне бару туралы өз әсерімен бөлісті, осы тақырыпта жарық көрген жаңа кітаптар туралы айтты.

Шараға Псков облысы Новосокольник аудандық өлкетану музейінің директоры Маркова Елена Васильевна, Қ. Жұбанова АӨУ-нің тарих және дінтану кафедрасының оқытушысы, тарих магистрі Насыров Руслан Табрисович, мемориалды музейінің қызметкерлері қатысты.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.