previous arrow
next arrow
Slider

«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» танымдық шара

15 желтоқсан күні Кеңес Одағының Батыр Ә.Молдағұлованың меморилды музейінде Казақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!»  атты»  тарихи-танымдық шара ұйымдастырылып өтті.

Шараға тарихшы – өлкетанушылар, Желтоқсан оқиғасының куәгерлері, Заң институтының қызметкерлері, С.Бәйішев  атындағы Ақтөбе  университетінің  студенттері қатысты.

Желтоқсан  оқиғасына қатысқан  куәгер   №31 ОМ қазақ тілі, әдебиет пәнінің  мұғалімі Дарига  Ескалиева осыдан  37 жыл бұрын, яғни  1986 жылы желтоқсан айында Алматы қаласының орталық алаңына қазақ жастары жиналып, Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед  Қонаевтың орнына Қазақстанда бір күн де жұмыс істемеген және есімі де елге белгісіз Геннадий  Колбиннің  тағайындалуына  қарсылық  танытып  бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқандарын,  сол кезде ешқандай қорқыныш сезімі болмағанын, Ел  болашағына  бей-жай қарамайтындарын  білдіру  үшін жиналғандарын еске алды.  

Өлкетанушы  Б.Мырзабай  ата-бабамыз үш жүз жыл бойы аңсаған арманы, қол жеткізген  қазынасы — Тәуелсіздікке  32 жыл толып отырғанын, Желтоқсан оқиғасы-Тәуелсіздіктің бастауы екеніне тоқталды.

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе  университетінің тарих мамандығы бойынша педагогика  ғылымдарының магистрі Думан Даулетович Сарбаев қазақ  халқының  азаттық,  ел тәуелсіздігі  жолында  талай  көтерілістің  болғандығын,  қазақ  жастарының көтерілісі - қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы сан ғасырлық  күрестің  ең нәтижелі де салмақтысы  және  темірқазығы болғанын  айтып өтті. 

Жастар шара барысында қонақтарға сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

Шараны Халықаралық  байқаудың гран-при иегері, «Қазақстан дауысы», «Жас қанат» байқауының  иегері  Шахислам Әбдіғазиз «Атамекен» әнімен көркемдеді

Музей директоры Е.Қалтаева шараға қатысқан қонақтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күнімен  құттықтап, естелік  сыйлықтар табыстады.

 

                                           

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.