previous arrow
next arrow
Slider

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай «Әлия көш басында» интеллектуалды сайысы

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде 17 қараша күні  Халықаралық студенттер күніне орай «Әлия көш басында» тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті.

Шараның мақсаты:  Халықаралық студенттер күніне орай Ақтөбе қаласында орналасқан университет және колледж оқу орнында білім алушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлық сезімін арттырып, ізденімпаздық, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту, ынталандыру. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы батырларымыздың  есімін, ерлік жолдарын, тарихи құндылықтарымызды  жастар арасында кең көлемде насихаттап, Отанын сүюге, құрметтеуге үлес қосу.

4 кезеңнен тұратын интелектуалды сайысқа «Әлия» есімді қыздардан құралған 4 топ қатысты. Атап айтсақ: 

1-топ.М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінен «54 атқыштар бригадасы» ,

2-топ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мергендер» тобы;

3-топ А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінен құралған «Карандашики» тобы;

4-топ Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың «Жалын» тобы

Сайыс 4 кезеңнен тұрды.

Бірінші кезең: «Есімі ел есінде» - белгілі бір минут аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан тұлғалардың суреті мен дұрыс ақпаратын сәйкестендірді;

Екінші кезең: «Жүзден жүйрік» - топ құрамындағы әрбір студентке жеке - жеке 5 сұрақтан  қойылды;

Үшінші кезең: «Кім ұшқыр?» - топ басшыларына 5 логикалық тапсырма беріліп, өзара сайысқа түсті.

Төртінші кезең: «Алтын сандық» - 3 ұяшықты таңдай отырып,   сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беріп, сайыскерлер топқа ұпай жинады. 

Сайысты  С.Бәйішов атындағы  университеттің аға оқытушысы, тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі  Сарбаев Думан Дәулетұлы, Қалалық жас туристер станциясының директоры Бекбергенова Алена Исламқызы, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің директоры мен ғылыми-ағартушылық бөлімі қызметкерлері бағалады.

Интеллектуалды сайыстың жүлдесі 4 кезеңде көрсеткіш жағынан басым болған М.Оспанов атындағы  Батыс Қазақстан медициналық университетінің  «54-атқыштар бригадасы» тобына беріледі. Сонымен қатар топ арасынан ой ұшқырлығын, жылдамдығын танытқан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік университеті «Мергендер тобының студенті Ә.Сәнтай «Үздік Әлия» номинациясы бойынша оза шықса, «Үздік көшбасшы» номинациясында М.Мәметова атындағы Жоғары медициналық колледжінің студенті Ә.Жұбатқанова жеңіске жетті.

Сайысқа қатысушы студенттер арнайы дипломмен, алғыс хаттармен  және сыйлықтармен марапатталды.

Шараға жоғарғы және арнаулы техникалық-кәсіптік білім беру оқу орындарының ұстаздары, студенттері, музей қызметкерлері қатысты.

 

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.