previous arrow
next arrow
Slider

«Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорымен Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің бірлескен салтанатты шарасы

Ақтөбелік іздестіру тобының 35 жылдық мерейтойына арналған аталмыш «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорымен  Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің бірлескен салтанатты шарасы өтті. 

Жиналған қауым мерейтойды  Қалалық мәдениет үйінде атап өтті. 

Топтың мақсаты – Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің  мүрдесін табу, арулап қайта жерлеу, және музейге соғыс кезіндегі кеңес әскерлерінің қару-жарақтарын т.б. заттарды тапсыру.

Салтанатты шарада іздестіру тобының мүшелері мен бірлесіп қызмет атқарған мақсаты ортақ жандарда Ақтөбе облысы Әкімдігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Облыс әкімі орынбасарының грамотасымен Жиенғали Берік, Даулеткерейев Шыңғыс, Трухан Дмитрий, – Ақтөбе іздестіру мүшелері;  Глеб Чугунов – Ақтөбе облысының іздеу қозғалысының негізін қалаушылардың бірі, Лапшин Сергей, - “Мәншүк” іздеу жасағының командирі Батыс Қазақстан облысы, Баймаханов Кайраддин – Қызылорда облысының іздестіру қозғалысының ардагері,  Ельчанинов Сергей – Патриот  әскери-патриоттық іздеу жасағының төрағасы, Бондар Игорь-Орынбор облысының “Бугурусланский” іздеу отрядының командирі, Ержанинова Наталья “Патриот” әскери-патриоттық іздестіру жасағының Орынбор қалалық жастар қоғамдық ұйымының төрағасы және Қалтаева Елена – Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің директоры Облыс әкімі орынбасары Елеусінова Бұлбұл Ораққызының грамоталарымен марапатталды. Сысоенко Сергей - Ақтөбе облысының іздеу қозғалысының ардагері, “Әлия”іздеу жасағының командирі,  Мырзағалиев Жанғали, Припадчев Олег,  Гладков Юрий – Ақтөбе іздестіру тобының ардагерлері, Жерновой Сергей, Ксель Алексей, Припадчев Данил–Ақтөбе іздестіру қозғалысының қатысушылары, Жұмиев Дәурен – Ақтөбе іздестіру тобының мүшесі және  Агниязова Алия – Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің бөлім меңгерушісі Ақтөбе қаласының әкімі Бекет Азамат Бауыржанұлының грамоталарымен марапатталды. 

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.