previous arrow
next arrow
Slider

25 қазан – Республика күніне орай «Күн дидарлы Қазақстан» мерекелік шара өтті

25 қазан – Республика күніне орай «Күн дидарлы Қазақстан» тақырыбында мерекелік шара өтті.

Шараның мақсаты Республика күнінің құндылығын, қазақ тарихындағы маңыздылығын аша түсіп, Отанына,  туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін арттыру. Туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты ұрпақ қалыптастыруда өз үлесімізді қосу. Бейбітшіліктің символына айналған егемендігіміздің татулығын, бірлігін, толағай жетістігін мақтанышпен жер жаһанға паш ету.

Ұлттық мерекеге орай патриоттық тақырыпта мәнерлеп оқудан ұйымдастырылған қалалық байқау қорытындыланды.

«Күн дидарлы Қазақстан» қалалық байқауының «бас жүлде» иегері Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Ахметкерей  Аружан Кәдірханқызына, І орын М.Арын атындағы орта мектептің  оқушысы Мусабек Эльзат пен Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің студенті Өмірбекова Дильназға, II орын А.Жұбанов атындағы  Ақтөбе музыкалық колледжінің студенттері Оразова Айым, Ерланқызы Саяға, ІІІ орын «Білім» мектеп-гимназиясының оқушылары Мусин Әбілмансұр, Серғали Асылжанға және А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің студенті Нурымбетова Ақнұрға табысталды.

Әлеуметтік желі көрермендерінің таңдауы бойынша ең көп лүпілі мен пікір жинаған Ә.Ермеков атындағы №23 орта мектеп – лицейінің оқушысы Бектурганова Нурай «Көрермен көзайымы» номинациясымен және де А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің студенті Шынарбек Береке, Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің студенттері Қабыл Нұрдана, Сағадин Нұрдана әділ қазылардың өн бойында қара өлеңнің  рухты ырғағын сездіріп, ынталандыру дипломымен, қалған қатысушылар мереке күніне орай қалалық байқауға белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Аталмыш шара барысында ел тарихынан бейне сюжет көрсетіліп, «Калашников» автоматын шашып-жинаудан демонстрациялық қойылым ұсынылып, күмбірлі қара домбырадан күй төгіліп, патриоттық  әндер шырқалды.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.