previous arrow
next arrow
Slider

«Күн дидарлы Қазақстан» поэзия оқудан қалалық байқау

25 қазан - Республика күніне орай  Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі «Күн дидарлы Қазақстан» патриоттық тақырыпта поэзия оқудан қалалық байқау өткізетіндігін хабарлайды.

Байқауға қатысушы  ақын-жазушылардың  немесе өзінің жүрек жарды өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтудан  3 минуттық видеоролик дайындап, жолдауы қажет.

Байқау шарттар:

  • Байқауға қатысушы оқушы немесе студент музеймен байланысып, қатысатындығы туралы өтініш толтырады.
  • Байқауға 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады.
  • Видеоны сапада әзірленуі шарт
  • Видеоны 25 қыркүйектен 18 қазан аралығында музейдің почтасына mem_muzeі@mail.ru немесе ережеде көрсетілген байланыс нөмерінің 8 705 253 9444 телеграм парақшасына жолдау сұралады. 
  • Түсірілген видео Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің әлеуметтік желілерінде жарияланады.
  • Байқауға келіп түскен видеороликтерді өлкемізге белгілі ақын-жазушылардан құрылған әділ-қазылар алқасы сараптайды. 

Байқау жеңімпаздары дәрежелі алғыс хаттармен және әлеуметтік желіде ең көп қаралым жинаған оқушыны номинациялаумен марапатталады. 

Бас жүлде – біреу 

І орын – біреу 

ІІ орын – біреу 

ІІІ орын – біреу 

 Номинация:

Көрермен көзайымы 

Қорытынды бойынша жеңімпаздар 20 қазан күні сағат 11:00-де  Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде өтетін «Күн дидарлы Қазақстан» мерекелік іс-шарасында марапатталады.

Толық ақпарат алу үшін 52-15-98 байланыс нөмеріне хабарласа аласыз.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.