previous arrow
next arrow
Slider

Байбактин Ұлан Үсенұлымен кездесу өтті

25 қыркүйек – Еңбек күніне орай «Еңбек мерекесі-елдің берекесі» тақырыбында «Қазақстан Респубикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі», алтын қолды дәрігер «Пирогов» медалінің, стоматология саласын дамытудағы ерен еңбегі үшін «Алтын медаль» марапатының иесі  имплантолог, ортопед, стоматолог Байбактин Ұлан Үсенұлымен кездесу өтті. 

Еліміздегі еңбекқор азаматтардың беделін көтеріп, еңбек жолын бастағалы отырған түлектердің, жас мамандардың өнімді еңбек етіп, жаңа еңбек шыңдарын бағындыруына ынталандыру. Шараға Баишев жоғары медициналық колледжінің, М.Мәметова атындағы Ақтөбе қаласының Жоғары медицина колледжінің студенттері болашақ стоматологтар қатысты. 

Ұлан Байбактин медицина саласындағы соңғы жаңалықтармен бөлісіп, жас мамандардың сұрақтарына жауап берді. Халықаралық және республикалық марапаттары стоматологиялық макеттерден, имплантологияға қатысты құралдарынан көрме қойылып, болашақ дәрігерлерге таныстырылды.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.