previous arrow
next arrow
Slider

«Азат елдің ар намысы» тақырыбында арнайы экскурсия жүргізілді

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай  «Айналайын» лагерінің оқушыларына, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне «Азат елдің ар намысы» тақырыбында арнайы экскурсия жүргізілді.

Аталмыш шараның мақсаты: Егемендігіміздің басты құжаты саналатын Ата Заңымызды құрметтеп, Отанды сүюге, адамгершілікке, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Экскурсия барысында Ата Заңның пайда болу тарихы мен  қоғамдағы алатын  маңызды құжат екендігінен ақпарат беріліп, келе жатқан төл мерекемізбен музей конақтарын құттықтады.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.