previous arrow
next arrow
Slider

Әсем гүлін құшаққа жиып өскен

14 маусым күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың туғанына 98 жыл толуына орай «Әсем гүлін құшаққа жиып өскен» атты салтанатты шара өтті.

Шараға Әлия Молдағұлованың нағашы  туыстары Сапар Молдағұлов, Ария Хабиева, полиция департаменті, 30/238 әскери бөлімі, "Халықтық ұжым", «Сұңқар» вокалды ансамблі, "Әлия - Мәншүк - Хыйуаз" әскери патриоттық қыздар клубының "Халықтық ұжым", "Әлия гүлі" қазақ би ансамблі, жас туристер стансасы, Мұқағали Мақатаев атындағы №73 жалпы білім беретін орта мектептің ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Шараның мақсаты: Әлия  Молдағұлованың өмірі мен ерлігі туралы дәріптеу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін жас ұрпақ бойына қалыптастырып, батырдың ерлігін үлгі тұтуды насихаттау. Отаннын қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу, өз ойын еркін жеткізе біліп, болашақтың жарқын негізін жасауға ықпал жасау

Аталмыш шарада батыр қыздың туысқандарының естеліктерінен сыр шертіліп,  өмірі мен ерлік жолынан бір қатар мәліметтер беріліп, бейне сюжет, салтанатты бағдарлама келушілер назарына ұсынылды. Шара қонақтарына «Әлия – қаһармандық дастаны» атты көрме таныстырылып, Ә.Молдағұлова даңғылында орналасқан мемориалды кешенге гүлшоқтарын қою рәсімі өткізілді.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.