previous arrow
next arrow
Slider

«Штрафбаттағы жалғыз қазақ қызы» тақырыбында онлайн-лекция

17 сәуір күні  Профессор, медицина ғылымының докторы, ғылыми iзденістері әлемнiң көп елдерiнде ғалымдардың үлкен шынайы қызығушылығын тудырған, Ұлы Отан соғысының ардагері, Берлинге дейін жеткен қазақ қызы Халида Есенқұлқызы Маманова туралы-«Штрафбаттағы жалғыз қазақ қызы» тақырыбында  онлайн-лекция өтті.

Халида  Есенқұлқызы  Маманова Талдықорған облысы Ақсу ауданында дүниеге  келген. Ауқатты, текті әулеттен шыққан Халида 10 жасында әкесімен бірге қуғын-сүргінге ұшырап, Пермь қаласына жер аударылады. Қапал қаласы құрылысында ерен еңбегі үшін Ресей империясы әкесі Есенқұл Мамановқа граф деген титулды берген болатын. Халида Есенқұлқызы қысқа курстарда оқуды бастап, алдымен техникумға, сосын 1937 жылы медицина институтының бірінші курсына түседі. Бірақ ататегін феодал деп таныған коммунистер қызды комсомолдан, сосын оқудан шығарады. Кейіннен Халида әрең дегенде қайтадан оқуын жалғастырады.

Халида Маманова 1941 жылдың 31-желтоқсанында Молотов атындағы Қазақ медицина институтын тәмамдап, емдеуші-дәрігер мамандығын алды. Содан соң Ғылым академиясында физиология институтының аспиранты болып, тағы да оқуда қалды. 1942 жылдың ақпанында әскер қатарына шақырылды. Медицина институтының түлегіне лейтенант шені берілуі тиіс болатын. Бірақ Халидаға ондай лауазым бұйырмады. Тіпті оған медбике болуға да рұқсат етілмеді. Өзіне тиесілі шен мен әскери лауазымын ала алмаған Халида бірден Сталинге хат жазды. Бірақ көп уақыт өтпестен, Халида сотталғандар мен саяси тұтқындардың арасынан бір-ақ шықты.

Одан соң Халиданы авиабатальонға ауыстырды. Әскери қызмет 821-батальонда жалғасып, Халида амбулаторияның бастығы болып тағайындалды. Батальон Сталинградтың түбіндегі кескілескен айқасқа басынан аяғына дейін қатысты. Одан соң 4-Украина, 3-Беларусь майданының құрамында Балтық жағалауын азат етіп, 1 және 2-Украина майдандарының құрамында Польша, Чехославакия, Германия, Австрияны азат етті.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.