previous arrow
next arrow
Slider

Отбасы күніне аясында өткізілген Республикалық «Мерейлі отбасы-2016 » конкурсының жеңімпаздарына арналған «Өнегелі өмір» атты мерекелік кездесудің ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының Отбасы күніне орай 16 қыркүйек күні сағ.15-00 Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейінде «Өнегелі өмір» атты мерекелік шара өткізілді. Осы шараның құрметті қонақтары Республикалық «Мерейлі отбасы-2016» ұлттық байқауының жеңімпаздары, үлгілі, өнегелі отбасылар Ақтөбелік Абдолла мен Әлила Нұсқабаевтар және балалары, немерелері мен шөберелері қатысты. 

Әулеттің басшысы 91 жастағы Абдолла Нұсқабаев Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің және Кеңес Одағының Маршалы Г.Жуковтың медалінің иегері. Соғыстан кейін елге оралып Әлила Нұрғалиқызы екеуі шаңырақ көтеріп, 10 бала тәрбиелеп, одан тараған 30 немере мен 22 шөбересін мақтан тұтады. Абдолла ата мен Әлила әженің шаңырақ көтергендеріне биыл 72 жыл. Абдолла мен Әлила Нұсқабаевтардың отбасы жас ұрпаққа үлгі-өнеге.

Шараның мақсаты: отбасы институтын насихаттау, рухани сыйластықты таныту, отбасының өмір салты, ата-ананың, баланың парызы секілді ұғымдарды ел санасына сіңіріп, жастарға үлгі ету.

Мерекелік шара аясында Абдолла мен Әлила Нұсқабаевтар отбасы тұрақтылығы мен бақытты отбасы болудың құпиясымен және ұрпақтары отбасындағы жеткен жетістікері, байқауда алған әсерлерімен, марапаттары туралы ой бөлісті

Шара барысында Абдолла Нұсқабаеватың ұлы Қайрат Нұсқабаев музей қорына әкесінің соғыс жылдарында түскен және отбасылық суреттерін тапсырды.

Жастарға, ұлағатты отбасының өнегелі өмір жолы жанұялық фото-суреттерінен дайындалған бейне- слаид арқылы көрсетілді.

Халық шығармашылық үйінің дәстүрлі әншісі ДарханЗинекешов Халық әні «Әдемі-ау», Ғарифолла Құрманғалиевтің «Сүйген жар» әндерімен шараны көркемдеді. Мерекелік шараға С.Байішев атындағы университеттің және Ақтөбе гуманитарлық колледждің оқытушылары мен студенттері, қала мектептерінің ұстаздары қатысты.

«Өнегелі өмір» атты тақырыптық көрмеде жанұялық архивтік фото-суреттер, құнды жәдігерлер, байқаудан жеңіп алған марапаттары халыққа кеңінен насихатталады.

Шара соңында үлгілі, көп балалы, өнегелі отбасы Абдолла мен Әлила Нұсқабаевтарға құрмет көрсетіліп музей директоры Е.Қалтаеваалғыс хатпен сыйлықтар табыс етті. Абдолла атамыз жастарға ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.