previous arrow
next arrow
Slider

Кеңес одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалды музейі және «Боевое Братства» қоғамдық қорымен бірге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 312 атқыштар дивизиясының құрылғанына 75 жылдығына арналған «Наша память» атты акциясы

22 қыркүйекте Ж.Кереев көшесі, 312 атқыштар дивизиясы және 101 атқыштар бригадасының құрметіне қойылған «Зеңбірік » ескерткіші - обелиск алаңында Кеңес одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалды музейі және «Боевое Братства» қоғамдық қорымен бірге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 312 атқыштар дивизиясының құрылғанына 75 жылдығына арналған «Наша память» атты акциясын өткізді.

Акция мақсаты: Жастарға әскери –патриоттық тәрбие беру, 312 атқыштар дивизиясының жауынгерлерінің ерлігін мәңгілік есте қалдыру. «Наша память» акциясы аясында Ақтөбе қаласынан бір топ делегациялар Ресей Федерециясы Детчино поселкесінде ұйымдастырылатын «Наша память» акциясына «Боевое братства» қоғамдық қоры, Қызылорда облысы «Ауған соғысы ардагерлер Одағы» қоғамдық мекемесі, «Әлия» іздестірушілер отряды, Соғыстан оарлмаған 312 атқыштар дивизия жауынгерінің жиені Қарасаев Ғизат Орынғалиұлы, «Горькая осень сорок первого года» кітабының авторы, іздестірушілер қозғалысының ардагері, «Диапазон» газетінің бірінші бас редакторы Чугонов Глеб Иванович, № 2 орта мектебі, №1 Қандағаш және Ақкемер орта мектептерінің мұғалімдері мен ұстаздары» қатысты. 312 атқыштар дивиязиясының ерлігін мәңгілік есте қалдыру мақсатында «Боевое Братство» қоғамдық қорының төрағасы Гумер Галиев Калуга облысының губернаторы Артамонов Анатолий Дмитриевичке «Наша память» акциясын Ресей жерінде ұйымдастыруға ұсыныс білдіреді. Губернатор акцияны Ресей Федерациясының аймағында өткізуге қолдау көрсетті. Шараға Қазақ диаспорасы мен Москва қаласындағы Ақтөбелік «Землячество» диаспоралары қатысады.

 

Посмотреть на карте Актобе Яндекс.Метрика

© 2020-2023 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.