1 қазанда музейде «Діни саутсыздық – экстримизмнің бастауы» - дін өкілдерінің жастармен кездесуі өтті. «Экстремизм мен терроризмге қарсы» насихаттау жұмыстарын жүргізу үшін біздің облысымызға арнайы делегация келді. Мемлекеттік саяси бағдарламасын жүзеге асыру барысында дін мәселелері бойынша оқушылардың біліктілігін жетілдіру тақырыбы бойынша жұмыс жүргізілді.Кездесуге Ақтөбе политехникалық, гуманитарлық, медициналық және С.Бәйішев атындағы колледж студенттері қатысты.
Дәріс оқыған қонақтар: Тұрсымбав Жоламан Кайменұлы - ҚР мәдениет қайраткері, композитор, «Астана Опера» Мемлекеттік театрының әдеби бөлімінің меңгерушісі; Макишев Мурат Макенович – ҚР Қорғаныс министрілігінің арнаулы насихат бөлім басшысы; Уатаева Ляззат Танатаровна – ҚР БҒМ жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі Департаментінің бас сарапшысы; Дәуренов Жорабек Әбдімәжитұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы директорының орынбасары;Сейтбеков Смайл - Маңғыстау облысының бас имамы; Ақшолақов Әміржан Ерқосұлы - Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Департаменті Әкімшілік полиция комитетінің полковнигі; Нургалиев Аслан Канатович - Атырау облысы прокуратурасының бөлім бастығы; Нугманов Азамат Аллабергенович - Ақтөбе қаласы прокуратурасының аға прокуроры.
Кездесу барысында деректі фильм, слайдттар көрсетілді.