2016 жылдың 15-30 қараша аралығында Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» Республикалық ақпараттық науқаны өткізілді.
Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музей 21 қараша №16 орта мектебінде оқушылар мен ата-аналарға, қамқоршыларға және жас мамандарға арналған «Балалардың бақытты балалық шағы үшін!» атты тематикалық кездесу өткізілді.
Шараның мақсаты: балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне қоғамның назарын аудару, балаларға қатысты қатыгездікке төзуге болмайтын қоғамның қарым-қатынасын қалыптастыру.
Бүгінгі күні балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайы жиілеп, жеке адамның жан-жақты дамуына, одан әрі мемлекеттің өркендеуіне кері әсерін тигізіп отыр. Науқан тұрмыста және сыртта балаларға дөрекі қарым-қатынастың болмауын ескертуге бағытталған.
Шараның ұйымдастырушылар мен қатысушылары:
Тажбенова Саулеш Базарбаевна – Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық музейінің аға ғылыми қызметкері.
Исмаилова Сания Букетаевна - №16 ОМ тәрбие жөніндегі жұмыстары бойынша директорінің орынбасары.
Курманбекова Ляйля Беркиновна – Ішкі Істер департаментінің ювеналдық полициясінің аға инспекторы, полиция майоры.
Бахытжанова Гульдарига Шараповна – Ақтөбе қ. білім бөлімінің тәрбие жұмыстар жөніндегі әдіскері.
Буркутбаева Альбина Абатовна - №16 ОМ әлеуметтік педагогы.
Машар Акалтын Сидыгалиевна - №16 ОМ психологы.
Шара барысында отбасында балалардың адамгершілікке сай тәрбиеленуін ұстану, зорлық-зомбылық көрген балаға тиісті қөмектің қолжетімді және сапалы болуы (сенім телефоны, психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинеттер, т.б.) отбасында мейірімділік пен жайлылық жағдайын қалыптастыру туралы мәселелер қамтылды.
Балаларға, ата-аналарға, қамқоршыларға тиісті адамдардан кеңес берілді.