Алия Молдағұлова музейінің ресми сайты
Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде өткізілген «» атты кітап және құжат көрме туралыҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік белесінде елге оралған есімдер» атты акциясының АҚПАРАТ
Ағымдағы жылдың 8желтоқсан күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейі16 желтоқсан –ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығынаорай «Тәуелсіздік белесінде елге оралған есімдер» атты аттыакциясының ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты: Жастарға әскери –патриоттық тәрбие беру, ҰОс ардагеорлерігің ерлігін мәңгілік есте қалдыру, Отандысүюге, туғанеліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жергедеген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
«Тәуелсіздік белесінде елге оралған есімдер» акциясы барысында көптеген деректер жинақталды. Ақтөбе облысы бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен ақтөбе батырларының өмірі мен ерліктері туралы жинақтау-зерттеу жұмыстары жүргізілді және мұрағаттармен байланыс жасалды. Музейге және ақтөбелік соғыс ардагерлеріне байланысты облыс, мемлекеттік орталық, ресейлік мұрағаттармен байланыс жасалды.
Ақтөбе облысы бойынша Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерінің өмірі мен ерліктері туралы жинақтау-зерттеу жұмысы жыл сайын жүргізілді.
КСРО халқын айықпас дерт, ауыр бейнетке душар еткен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске 71 жыл толды. Туған жерін жау аяғына таптатпау үшін осынау қан майданға 1 миллион 400 мыңнан астам қазақстандықтар аттанып, оның елге 420 мыңнан астамы ғана аман-есен оралды. Өкінішке орай, күн өткен сайын ардагерлеріміздің қатары сиреп бара жатқандығы жасырын емес.
Музей қызметкерлері Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапқан Қасенғали Әлекеновтың ерлігіне байланысты материалдар, құжаттар іздестірді. Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мұрағат басқармасы, Ақтөбе облысы Темір аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім, РФ Подольск Орталық мұрағаты арқылы іздестіру жұмыстары жүргізілді. Сталинград үшін шайқасқан батыр «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Жеңіспен елге оралуды армандаған жауынгер Отан алдындағы парызын абыроймен орындады. РФ Мәскеу облысы Подольск қаласындағы Орталық Қорғаныс Министрлігінің мұрағатына Сталинградты қорғауда ерлігімен көзге түсіп, қаза тапқан батырға байланысты - қаза тапқаны, жерленгені, марапаты туралы құжаттарын іздестіруге өтініш жіберілді. Подольск архивінен батырдың Марапат қағазы (1942 ж), кадр жөніндегі бас басқарма бұйрығы (1946ж.), архивтік анықтама (СПб Орталық мұрағаты) электронды пошта арқылы алынды.
«Тәуелсіздік белесінде елге оралған есімдер» акция барысында музей қызметкерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында «Шталаг» неміс әскери тұтқындар лагерінде мерт болған ақтөбелік 51 жауынгерге қатысты ақпарат жинақтау барысында музей қорындағы «Естелік Кітабы», РФ Қорғаныс Министрлігі Орталық Мұрағатының «Мемориал» сайтындағы деректермен салыстырылып, нәтижесінде 51 жауынгердің туған жылдары, қаза болған күндері, жылдары, жерленген жерлері анықтады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Украинаның Хмельницкий облысы Славута қаласындағы «Гросслазарет» әскери тұтқындар лагерінде мерт болған ақтөбелік 78 жауынгерге қатысты ақпарат жинақтау барысында музей қорындағы «Естелік Кітабы», РФ Қорғаныс Министрлігі Орталық мұрағатының «Мемориал» сайтындағы деректермен салыстырылып, нәтижесінде 78 жауынгердің туған жылдары, әскери атақтары, қаза болған күндері, жылдары, жерленген жерлері расталды. 31 жауынгердің есімдеріндегі қателіктер анықталды.Сондай-ақ 3 жыл ішінде – Алматы, Ақтөбе және басқа қалаларының тұрғындарына «Естелік Кітабы» және «ОБД Мемориал» сайты арқылы, тиісті мәліметтер берілді.
Электронды «Естелік кітабы» жасақталды және толықтыру жұмысытары жалғасуда.
Шара қонақтары: облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Максутова Ж., Ақтөбе облыстық Қорғаныс Істері жөніндегі департаментінің бастығының орынбасары Култаев Адильбек Сарсенович, қалалық Қорғаныс Істері жөніндегі басқармасының аға лейтенанты Аймуханов Асхат Арыстанбаевич, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Прихно А.Ф., облыстық тарихи-өлкетану музейінің өлке тарихы ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Ертеміров Айбек Слямғалиұлы, «Жауынгерлік Бауырластық» Қоғамдық іздестыру тобының төрағасы Галеев Гумер Абдулвалиевич, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың тума-туыстары,ҰОс қатысушыларының ұрпақтары.
Шара барысында қонактарға сөз беріліп естелік сыйлықтар таратылды.