Slider

ӘЛИЯҒА ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

2026 жылғы 15 маусымда Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың туған күніне орай тағылымы мол еске алу шарасы өтті.
Батыр қыздың туған күнін атап өтуге Әлия Молдағұлованың туған-туыстары, соғыс ардагерлерінің ұрпақтары, музей қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысып, жалпы саны 300-ге жуық адам бас қосты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен батырлардың есімін ұлықтау, Әлия Молдағұлованың өнегелі өмірі мен өшпес ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау, отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу.
Шара барысында қатысушылар Батырлар аллеясына және Әлия Молдағұлованың ескерткішіне барып, ел үшін жанын қиған қаһармандарға тағзым етті. Батырлар рухына құрмет көрсетіліп, ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды.
Әлияның туған күні – тек батыр қыздың өмірге келген күнін атап өту ғана емес, бұл – оның ерлігін еске алып, кейінгі ұрпаққа аманат еткен асыл мұрасын дәріптейтін тағылымды күн. Майдан даласында небәрі он тоғыз жасында ерлікпен қаза тапқан Әлияның есімі бүгінде халқымыздың жүрегінде мәңгі сақтаулы.
Батырдың туған-туыстары мен соғыс ардагерлерінің ұрпақтарының басын қосқан бұл кездесу – ұрпақтар сабақтастығының, ел тарихына деген құрметтің жарқын көрінісі болды.
Әлия Молдағұлованың қаһармандық жолы – елге қызмет етудің, Отанды сүюдің және ерлікке адал болудың өшпес үлгісі. Батыр есімі ұлықталған сайын оның рухы асқақтап, ерлігі кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар бере бермек.

 

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.