10 сәуір күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде тілші, жазушы Әмір Оралбайдың 60 жылдығына арналған «Қарымды қаламгер» атты журналистіеске алу кеші өтті.
Мақсаты: Ә.Оралбайдың өмір жолын жас ұрпаққа өнеге ету, жазушының шығармашылығына терең үңіліп оқып-үйрену, шығармаларына деген қызығушылығын арттыру, жастарды тұлғаның биік адамгершілік парасаты үлгісінде тәрбиелеу.
Шара барысында автордың шығармаларының үзінділері, жақын адамдарының, жолдастарының, қызметтестерінің естеліктері айтылып, жазушының өмірі мен қызметі туралы мәліметтер берілді. Журналистің жеке заттары, марапаттары,шығарған кітаптарынан көрме қойылып, слайдтар көрсетілді.
Қатысқан қонақтар – жазушының туыстары, қызметтестері, тілшілер, мәдениет қызметкерлері, жоғары мен орта оқу орындарының студенттері.