Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейі 2026 жылдың 13 тамыз күні «Шұғыла» жазғы лагерінде демалушы балаларға «Әлия – ерліктің мәңгі алауы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырып, танымдық экскурсия жүргізді. «Шұғыла» лагерінің бұл 6 маусымында Батыс өңірінің Орал, Атырау қалалаларынан келген бүлдіршіндер жазғы демалыстарын өткізуде.
Шара барысында лагерьде демалушы қонақ балаларға қазақтың батыр қызы Әлияның балалық шағымен және майдандағы өшпес ерлік жолымен жақынырақ танысты. Шара соңында жас өрендер арасында кері байланыс арқылы экскурсиядан алған білімдеріне викториналық сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Тарихты білетін, сұрақтарға алғырлықпен дұрыс жауап берген белсенді бүлдіршіндерге естелік сыйлық ретінде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған арнайы эмблема төсбелгілер табысталды.
Іс-шараның мақсаты: Батыр қыз Әлияның өшпес ерлігі мен тарихи деректерін балаларға таныстыру және өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру.
https://www.instagram.com/reel/Db-Z69uMLBa/?igsh=c3EwMXUzcGQ1N3N4
