2026 жылдың 29 шілде күні мемориалды музейде Үш дәрежелі Даңқ орденінің иегері Фурсов Михаил Ивановичтің 100 жылдық мерейтойына орай «Ақтөбе – батырлар тағылымы» атты тарихи-танымдық шара өткізілді. Шара барысында Фурсов Михаил Ивановичтің өмірі мен ерліктері туралы ақпарат беріліп, оның Отан алдындағы жанқиярлық еңбегі туралы кеңінен айтылды.
Іс-шараның мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, тарихқа деген құрметті арттыру және бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру.
Шара барысында Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік пен батырлық көрсеткен Фурсов Михаил Ивановичтің өмірі туралы ақпарат беріліп, оның Отанға сіңірген еңбегі мен қаһармандығы туралы баяндалды және бейнематериал көрсетілді.
Сонымен қатар, «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорының құрылтайшысы Гумер Галеев, «Әлия» іздестірушілер тобының төрағасының орынбасары Құдайберген Джумеев, Ұлы Отан соғысына қатысқан, 312-атқыштар дивизиясының жауынгері Влас Сысоенконың қызы Додик Раиса Власовна және Қалалық жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогі Әлия Тоқсанбаева сөз сөйледі.
https://www.instagram.com/reel/DbYDZkOsIJF/?igsh=YzN6aWNlaWhqb2Q0
