2026 жылдың 3 шілде күні мемориалды музейде Астана күніне орай музей келушілеріне «Астана – әлемдік деңгейдегі ғажайып» атты арт-терапия өткізілді. Шара барысында музейге келушілері Астана туралы бейнеролик тамашалап, сурет салды.
Іс-шараның мақсаты: Еліміздің бас қаласы Астананың тарихы мен мәдениеті туралы мәлімет беру. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу. Сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.
Шара барысында бейнероликте Астана қаласының көрікті жерлері мен тарихи сәттері туралы қысқаша мәлімет берілді.
Сонымен қатар, балалар Астананың символына айналған ғимараттардың суретін салды.
