Slider

«Әлия – қаһармандық дастаны»

Ұлттық домбыра күніне орай, 2026 жылғы 2 шілде күні сағат 15:00-де Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде «Әлия – қаһармандық дастаны» атты батыр жырының жазылып басталуына арналған шара өтті.

Шара барысында батырдың қаһармандық жолын жырға арқау еткен жаңа туындының жазылуының басталғаны жарияланып, жоба авторы «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин мен батырдың туыстары мен музей ардагерлерінің  құттықтау сөздері айтылды. Сонымен қатар ұлттық өнер мен тарихи жадымызды ұлықтауға арналған мәдени шарада аталмыш жыр мектебінің 7 тәлімгерлері жырдан үзінді орындады.

Аталған жоба – халқымыздың батырлық эпосы мен ұлттық құндылықтарын ұштастыра отырып, Әлия Молдағұлованың мәңгілік ерлігін жыр тілімен кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат етеді.

Посмотреть на карте Актобе

Яндекс.Метрика

© 2020-2025 "Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейі" ММ. Барлық құқықтар қорғалған.