2026 жылдың 15 маусым күні қаһарман жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың туған күніне орай «Әлия-қаһармандық дастаны» атты батыр қыздың рухына тағзым ету шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты: Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл толуын атап өту арқылы қазақ халқының қаһарман қызының ерлігі мен өнегелі өмір жолын ұлықтау, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, елжандылық және туған жерге деген сүйіспеншілік қасиеттерін дарыту; бейбітшілік пен тұрақтылықтың, бірлік пен татулықтың қадір-қасиетін түсіндіру және батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында жауқазын ғұмыр кешкен Ә. Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, батыр қыздың рухына тағзым етілді.
Шара қатысушылары: облыстық мәслихат, Әлияның тума-туыстары, Облыстық ардагерлер кеңесі мен Зиялы қауым өкілдері, музей ардагерлері, музей жанындағы «Әлия» патриоттық клубы, Қорғаныс істері департаменті, «Жауынгерлік бауырластық» ҚҚ, Кеңес одағының екі мәрте батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институты, ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты», «ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» РГКП Ақтөбе филиалы.
